ҚОҒАМ КЕСЕЛІ

(0 Votes)

«ОТБАСЫ – ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТЕК ӘЙЕЛДЕРГЕ ҒАНА ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА ДА МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАП, ТҰРМЫСТАҒЫ ҚЫСЫМДЫ БОЛДЫРМАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу жұмысы күшейтілді. Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалады. Шағым түсіруге күйеуім қысымды күшейтеді деп қорқады да, көп жайт отбасының айналасында қалып қояды. Елімізде неке қию саны төмендеп, есесіне ажырасулар саны өсіп барады. Соның салдарынан толық емес отбасылар құрамында жалғызбасты аналардың саны басым.

Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық. Құқық қорғау органдарында оған қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлімдер жұмыс істейді. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды. Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нәзік жандылар көбірек ұшырайды. Отағасы күн сайын арақ ішіп келіп, әйелін ұрып, бала-шағасының берекесін қашыра берсе, әйел не кетіп тынады, не қылмыс жасайды.

Сөз соңында айтар тілек, қай халық болмасын, әйел затына ықыласпен қараған, қазақ халқында әйелдің орны ерекше, ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Азаматының тірегі, қамқоршысы болған әйелдер қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Осы ретте ер азаматтар отбасының ұйытқысы, берекесі, қамқоршысы – әйел затын аялай білуі тиіс.

Дидар САХИБЕДЕНОВ,

Азғыр ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT