Үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі бағыттарына қанша қаражат бөлінетінін анықтады

(0 Votes)

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының негізгі параметрлерін қарау кезінде Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасы мен экономиканың орнықты дамуына басымдық бере отырып, әлеуметтік бағдарланған бағытты жалғастыратынын атап өтті.

Мәселен, Қаржы министрлігінің мәліметінше, денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге қарастырылған. Биылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд теңгеге артық. Бұл медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым саласына 901,7 млрд теңге жоспарлануда. Білім беру процесінің сапасын жақсарту, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орта…

Үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі бағыттарына қанша қаражат бөлінетінін анықтады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының негізгі параметрлерін қарау кезінде Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасы мен экономиканың орнықты дамуына басымдық бере отырып, әлеуметтік бағдарланған бағытты жалғастыратынын атап өтті.

Мәселен, Қаржы министрлігінің мәліметінше, денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге қарастырылған. Биылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд теңгеге артық. Бұл медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым саласына 901,7 млрд теңге жоспарлануда. Білім беру процесінің сапасын жақсарту, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту бойынша басымдықтар сақталуда.

2026 жылы мәдениет, туризм және спортты дамытуға 263,5 млрд теңге қарастырылған. Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік қолдау шараларына кешенді талдау жүргізілді.

2026 жылы экономиканы ынталандыруға шамамен 1,2 трлн теңге жоспарлануда, ал нақты секторды дамытуға жұмсалатын қаражаттың жалпы көлемі 540 млрд теңгеге артып, 3,7 трлн теңгені құрайды. Бұл шаралар жаңа салалық өсу драйверлерін іске қосуға және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Негізгі басымдықтардың бірі өңірлерді дамыту болып қала береді. Өңірлерді дамытуға 2026-2028 жылдарға 581 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2026 жылы – 300 млрд теңге. Бұл жобалар аса маңызды және жалпыхалықтық маңызға ие. Әкімдіктердің дербестігін арттыру мақсатында 2026 жылы өңірлерге трансферттер арқылы 5,1 трлн теңге бағытталады.

Күштік құрылым блогына 2026 жылы 3 трлн теңге бөлінеді, бұл биылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, 2026 жылы қорғаныс шығындары ЖІӨ-нің 1%-ын құрайды.

Қаражат тек жауынгерлік дайындықты қолдауға ғана емес, сонымен қатар жүйелік инновацияларды іске асыруға да жұмсалады.

 

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT