Қазақстанның транзиттік әлеуеті жаңа белеске шықты

(0 Votes)

Қазақстан арқылы өтетін бес теміржол дәлізі елді Еуразия құрлығындағы негізгі көлік-логистика орталығына айналдырады. Бұл жобаның стратегиялық мәні зор.

Біріншіден, жаңа теміржол бағыттары жүк тасымалын бірнеше есеге ұлғайтып, экспорттық тауарларды жеткізу мерзімін қысқартады. Екіншіден, ел экономикасының қуатты дамуына тың серпін береді, әсіресе Транскаспий дәлізі арқылы Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы сенімді көпірге айналады. Үшіншіден, теміржол саласын цифрландыру мен жасанды интеллект енгізу – саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін маңызды қадам.

Бұл бастама Қазақстанды тек аймақтық емес, жаһандық деңгейдегі транзит хабы ретінде нығайтып, ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылыққа жол ашады.

Әділет Амангелді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT