“Қауыпсіздік” жедел іс-шарасы басталуда

(0 Votes)
2025 жылдың желтоқсан айының 17-21 күндері аралығында өтіп жатырған “Қауыпсізлік” жедел іс-шарасы барысында С. Мұқанов жалпы орта мектебінде 2-11 сынып арасында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілік ұғымдарын ұлдарға түсіндіру мақсатында “Заң және тәртіп” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
Шара барысында қыс мезгілі түсіп ауа-райының күрт өзгеруіне орай мұзға мүлдем жақындауға болмайтындығы, сонымен қатар “Пиротехникалық”заттарды сатып алуға, қолдануға болмайтындығы жөнінде айтылды. Жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және профилактикасы, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын-алу, жасөспірімдермен жасалатын және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қазіргі уақытта жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларына ұшырау фактілерінің алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға (лудомания) тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
 
Жасөспірімдер арасында орын алып отырған бопсалаушылық, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг, сонымен қатар ұсақ бұзақылық оның ішінде былапыт сөздермен тілдемеу, ұрып-соқпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде және ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу;
 
Мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед тізгіндеуге болмайтындығы, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
 
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балаларды интернет алаяқтарының құрбаны болудан сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Сонымен қатар республикалық экологиялық “Таза Қазақстан” бағдарламасының негізінде, оқушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, абаттандыру қағидаларын сақтау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2; 505 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT