«Қарызсыз қоғам» пайдалы жоба

(0 Votes)

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі әлі де өзекті болып отырғандығын атап өтті.

Қазір бір емес, бірнеше банктен ақша алып, қарызға батып жүргендер баршылық. Әрине, несиені адамдар еріккеннен алмайды. Себебі ауадай қажет болғанда ірі көлемдегі қаражатты кез-келген адам бере салмайды. Амалсыздан банкке жүгінеді. Бірақ, несие деген нәрсе алғанда жақсы да, қайтарғанда қиын екенін ұға бермейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа  қолдау көрсетіп отыр. «Осы ретте, «AMANAT» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Былтырдың өзінде осы жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алды. Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету», дейді, Жолдауда Мемлекет басшысы. 

Бұл бүгінгі күні қажетті шара. «Көрпеңе қарай көсіл», дегенді бабаларымыз текке айтпаған. «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы біраз адамдар қаржылық сауаттылықтарын арттырғанын ақпарат құралдарынан оқып, күнделікті өмірімізден көріп жүрміз. Оның өмірде пайдасы тиері анық. 

Рая Елеусізова,

мәдениет саласының ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT