Қайырымдылыққа қаражат жинауда абай болған жөн

(0 Votes)

Кейінгі кезде кез-келген әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, не көп, қайырымдылық қорлары көп. Денсаулығы сыр беріп, қиналған жандардың емделіп кетуі үшін керек те шығар.

Алайда ғаламторды дүрліктірген Перизат Қайратқа қатысты оқиғадан соң көпшіліктің алдында қайырымдылық қорлары дегеніміз алаяқтық екен ғой деген пікір қалыптасты. Бүгінгі Бурабайда өткен төртінші ұлттық құрылтайда да айтылып, көпшіліктің алаңдаушылығын туғызды. Онда сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев соңғы уақытта ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткенін, теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратытынын айтты. Сондай-ақ, Президент қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кеткенін, оларға сеніп, алданып қалғандардың көптеп шағым түсіргенін, сондықтан жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиістігін жеткізді.

Мұны құрылтайда белгілі заңгер Айгүл Орынбек те айтты.

- Қазіргі таңда мемлекетімізде түрлі қайырымдылық қорлары көбейіп кетті. Қайда барсаң да - ақша жинап жүрген қорлар мен олардың ел танымайтын мүшелері мен басшыларын көресің. Өкінішке қарай, “қайырымдылық қорлардың” атын жамылғандардың барлығы адал жолмен жүріп, шынайы мақсаттарға қызмет етіп жатыр деп айта алмаймын, - деген ол дүкендер мен сауда сөрелеріндегі қайырымдылық үшін қойылған жәшіктерге жиналған қаражаттың қайда жұмсалатыны белгісіздігін қаперге берді.

Балғаным ХАСЕНҚЫЗЫ,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT