Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауында инновациялық даму бағытына ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы ғылым мен технологияны экономиканың негізгі тірегіне айналдыру қажет екенін атап өтті.
Қазіргі заманда инновация – елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші. Сондықтан цифрландыруды жетілдіру, жасанды интеллектті дамыту және өндіріс саласына жаңа технологияларды енгізу – еліміздің алға жылжуының кепілі.
Бұл бастамалар жас ғалымдар мен стартап иелеріне үлкен мүмкіндік береді. Инновациялық идеяларды қолдау арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикалық өсімге серпін беріледі.
Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру – елімізді заманауи технологиялармен қаруланған, әлемдік үрдістермен қатар қадам басатын мемлекетке айналдырады.
Бралиева Гулдана
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

