Ғылым мен технология — жаңа буынның басты күші

(0 Votes)

Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауын ғылыми тұрғыдан өте өзекті құжат деп санаймын. Қазір әлемде білім мен зерттеу саласында жасанды интеллектсіз бірде-бір жоба жүрмейді. Сондықтан бұл бағытты мемлекет деңгейінде дамыту — уақыт талабы.

Президент атап өткендей, елімізге жаңа буын инженерлер мен зерттеушілер қажет. Бұл жастарға үлкен мүмкіндік. Университеттерде ЖИ зертханаларын ашу, стартаптарға қолдау көрсету – елдің интеллектуалдық әлеуетін күшейтеді.

Менің ойымша, жасанды интеллектті дамыту тек ғылым емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тәуелсіздік мәселесі. Сондықтан Жолдаудағы бастамалар — Қазақстанның жаңа ғылыми дәуірге қадам басқанының айғағы.

Әділет Амангелді, 

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT