Биылғы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жарқын болашағы үшін жасалатын бірқатар жобаларды атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, мемлекеттің дамуының негізі – азаматтардың білімі мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған саясат.
Ол әрбір азаматтың табысты әрі бақуатты өмір сүруі елдің қуаттылығының көрсеткіші екендігі сөзсіз. Сонымен қатар, жаңадан дамып келе жатқан технологияларды, цифрландыруды және жасанды интеллектті енгізу арқылы елдің экономикасын жоғары деңгейге көтеруге ерекше назар аударылмақ. Мемлекет бұл мақсаттарға жету үшін барлық ресурстарды жұмылдырып, инновациялық шешімдер мен жаңа экономикалық модельдер құруға ұмтылады. Тек осындай тәсілдер арқылы еліміз өз әлеуетін толық пайдаланып, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті бола алады деп ойлаймын.
Ж.Қамза