Ел бірлігін сақтау – ортақ міндетіміз

(0 Votes)

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында аталған қоғамдық ұйымның хатшылығы Президент әкімшілігінің дербес құрылымдық бөлімі саналатынын жеткізді.

Ассамблея құрылымында төрт мыңнан астам қоғамдық ұйым жұмыс істейтінін айтып, бұл  ұйымдардың мақсаты – азаматтарымызды елдік маңызы бар жұмысқа тарту, яғни ортақ іске жұмылдыру екеніне тоқталды. Президентіміздің: «Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі отбасы институтын нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге атсалысып, ауқымды жұмыс жүргізуде», деп жақсы баға бергені  көңілімізді марқайтып  тастады. Бұл жұмысымызға жаңа серпін береді деп ойлаймын.

Қазіргі таңда елдің бірлігін, ұлтаралық, дінаралық татулықты сақтау ең маңызды жұмыс. Осы орайда аудандық аналар кеңесі түрлі кездесулер, жас отбасылардың сайыстарын, тренингтер, басқа іс-шараларды жиі өткізіп, жастардың бойында қазақы әдет-ғұрыптарымызды, бабадан жалғасқан салт-дәстүрімізді, өзге ұлт өкілдерін қадірлеуді сіңіріп келеді. Жақында ғана аудандық қыздар слетін ұйымдастырып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай үлкендерімізді құттықтап шықтық. Ел бірлігін сақтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағытындағы осындай жұмыстарымыз алға қарай да жалғасын таба береді. Бұл біздің ортақ  міндетіміз.

Балғаным  Хасенова,

Аудандық  аналар  кеңесінің  төрайымы,

«Құрмет» орденінің иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT