Құжаттарды цифрлы форматқа көшіру – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Қағазбастылықтан арылып, неғұрлым онлайн қызметтерді көбейту – әлемдік ақпараттық технология көшіне ілесудің бір жолы. Соның бір көрінісі – Электронды үкіметтің мобильдік қосымшасы.
eGov Mobile азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының маңызды құралы болып табылады және пайдаланушылар тарапынан өсіп келе жатқан қызығушылық пен сенімді растайды. Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады.
Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі.Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында(МАБ) тіркелуі талап етіледі. Бұл базада тіркелу оп-оңай, әрі халыққа берер артықшылықтары көп!«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» «еGov mobile» мобильді қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисін іске асыру жұмыстары іске асырылды. Сервис азаматтарға құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік және т.б.)мобильді қосымша арқылы, электрондық форматта қарауға, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Осылайша, «eGov mobile» мобильдік қосымшасында көрсетілетін құжаттар қағаз жеткізгіштегі мәні бірдей құжаттар болып табылады, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылуы мүмкін.Бүгінгі таңда eGov Mobile мобильді қосымшасын App Store, Play Market және Huawei AppGallery қолданбалар дүкендерінен жүктеуге болады және IOS және Android мобильді құрылғыларында жұмыс істейді.
Г.Кумарова,
Шортанбай ауылдық округінің бас маманы