Egov Mobile: Мемлекеттік қызметтерді қалтаңда алып жүр

(0 Votes)

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет алу үшін ұзақ кезек күтіп, мекемелерді аралау кезеңі артта қалды. Азаматтардың көпшілігі барлық қажетті құжаттар мен анықтамаларды смартфон арқылы-ақ рәсімдеуді жөн көреді.

Сол үшін жасалған ең қолайлы құралдың бірі – Egov Mobile қосымшасы. Egov Mobile – Қазақстан азаматтарына арналған электронды үкіметтің мобильді қосымшасы. Оның көмегімен кез келген уақытта анықтама алу, төлем жасау, цифрлық құжаттарды қолдану және мемлекеттік органға өтініш жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Қосымшада күнделікті өмірде жиі керектін бәрі жинақталған.

Egov Mobile қызметтері азаматтардың негізгі қажеттіліктеріне бейімделген:

1. Цифрлық құжаттар

2. АХАЖ қызметтері

3. Әлеуметтік және зейнетақы ақпараттары

4. Денсаулық саласы

5. Көлікке қатысты қызметтер

6. Ақпараттық анықтамалар

Қалай тіркеледі?

1. Қосымшаны Play Market немесе App Store арқылы жүктеу 

2. ЖСН енгізу

3. SMS-код немесе ЭЦҚ арқылы жүйеге кіру

4. Профильді растау. Тіркелу бірнеше минуттан аспайды.

Egov Mobile – цифрлық мемлекеттік қызметтерді әр азаматтың қолына жақындататын тиімді шешім. Бұл қосымша уақытты үнемдеп қана қоймай, қызмет алудың анықтығын, қолайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Г.О.Кумарова,

Шортанбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT