Қай салада болсын, кәсіби мереке сол кәсіпке деген құрметті білдіреді. Үкімет басшысының 2022 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен «24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні»- деп белгіленгелі міне 4 жылға аяқ басты. Аталмыш қаулыда «Судья және сот қызметкерлері күні» конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқығымен заңды мүддесін қорғауға қосқан үлесі үшін сот қызметкерлеріне құрмет ретінде ұсынылғаны ерекше атап өтілген.
Осы уақытқа дейін елімізде сот жүйесінің өкілдеріне арналған ерекше күн-судья және сот қызметкерлері күні аталып өтіп келеді. Бұл күн – әділеттіліктің, заңдылықтың және адам құқықтарының қорғаушысы болып табылатын сала мамандарына деген зор құрметтің белгісі.
Сот жүйесі-мемлекеттің құқықтық негізінің басты тірегі. Оның негізгі мақсаты-заң үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау. Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің ролі ерекше. Әрбір қабылданған сот шешімі-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы маңызды қадам. Судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсібилігі мен адалдығы –халық сенімінің басты негізі.
Судья –әділдік айнасы. Судья –сот төрелігін жүзеге асыратын басты тұлға. Судья – мемлекет пен азамат арасында әділ төрелік жүргізетін бейтарап тұлға. Ол заңға сүйене отырып, ешқандай ықпалға берілмей, тараптардың дәлелдерін зерттейді, әділетті шешім шығарады. Судьяның тәуелсіздігі – сот жүйесінің басты қағидасы. Судья ешкімге тәуелді болмай, тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл-әділ шешімнің кепілі. Мұндай жауапкершілікпен міндетті арқалау –үлкен абырой әрі ұлт мүддесіне қызмет етудің айқын үлгісі.
Сот қызметкерлері – жүйенің тірегі. Сот жүйесінің сапалы жұмыс істеуі тек судьялардың ғана емес, сонымен қатар сот жүйесінде қызмет атқаратын мыңдаған мамандардың тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болады. Сот қызметкерлері – істерді тіркеуден бастап, сот отырыстарының ұйымдастырылуын, құжат айналымының дәлдігін және процестің тиімділігін қамтамасыз ететін және көптеген маңызды техникалық ұйымдастырушылық міндеттерді атқарады. Олардың жұмысы сырт көзге онша көрінбесе де, сот төрелігінің сапасына тікелей әсер етеді.
Судья мен сот қызметкерлерінен жоғары кәсіби біліктілікпен адамгершілік талап етіледі. Олар үшін бейтараптық, адалдық, әдеп сақтау – күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігі.
Әділетті қоғам құруда сот жүйесінің орны ерекше. Судья мен сот қызметкерлерінің адал, кәсіби әрі әділ қызметі-халық сенімінің негізі. Сондықтан бұл саладағы әр маман өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Судья және сот қызметкерлері күні – заң жолында адал қызмет етіп жүрген жандарға ризашылық білдіретін ерекше күн. Бұл –әділет жолындағы қажырлы еңбекті бағалау, қоғамға тыныштықпен тұрақтылық сыйлап отырған азаматтарға құрмет көрсету күні.
Құрманғазы аудандық сотында қазіргі таңда сот төрағасының міндетін атқарушы Таскинбаева Гульсум Бестерекқызы, судья Менситова Бибитгуль Магазқызы және сот Әкімшісінің басшысы Мусина Салтанат Санабайқызы, бас маман-сот мәжілісінің хатшылары Кдыршаев Саламат Сатауұлы, Хайруллина Дарига Утепбергенқызы, Айтекенова Асель Юрийқызы, аға сот приставы Зияшев Марал Нурлығайынұлы, бас маман Муфтахова Жайнар Серікқызы, кеңсе жетекші мамандары Таңатарова Гулшара Таңатарқызы, Жумабаева Жанна Серікқызы, Пәуеденұлы Нурлан қызмет атқарады.
Сот қызметкерлерінің жұмысы көзге көп көріне бермейтін, алайда сот әділдігі үшін аса маңызды буын. Кеңсе мамандары келіп түскен құжаттарды тіркеуге алып, сот мұрағатына тапсырылғанға дейін қадағалап отырады. Хатшылар істің барысын ұйымдастырып, отырыстың уақытылы өткізілуіне, тараптардың уақытылы қатысуына, сот отырысының хаттамасын жүргізіп, істің дұрыс рәсімделуін, сот актілерінің уақытылы жолдануын қамтамасыз етеді.
Сот саласында бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатырған бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Кдыршаев Саламат Сатауұлы жайында ерекше айтып өтуге болады.
Ол 1971 жылы шілде айының 26 күні Котяев селосы, Теңіз ауданы, Гурьев облысында дүниеге келген.
Ол өзінің еңбек жолын - 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап Теңіз аудандық Халық сотына шаруашылық меңгерушісі қызметіне жұмысқа қабылданып, 1997 жылдың 9 қазанында Құрманғазы аудандық сотының сот приставі қызметіне, 1999 жылдың мамыр айында Құрманғазы аудандық сотының хатшысы қызметіне, одан кейін 11 тамыз 2003 жылы Құрманғазы аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы лауазымына ауыстырылып, осы уақытқа дейін сол қызметті атқарып келеді.
Жоғарғы білімді заңгер, 2003 жылы Орал қаласындағы Батыс-Қазақстандық Мемлекеттік Университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.
Өзінің саласын жетік меңгерген, жауапкершілігі мол, ұжым арасында беделді, әрбір азаматпен соның ішінде іске қатысушы тараптармен қарым-қатынаста сыпайы, ашық және кәсіби сауаттылығын өз қызметінде пайдалана білетін маман.
Қызмет атқару уақытында бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.
2010 жылы Атырау облысы бойынша «Жылдың ең үздік сот мәжілісінің хатшысы» атағын жеңіп алған.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты басшысының 2012 жылғы 6 желтоқсаныңдағы №499 Өкімімен 3-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
Саламат Сатауұлы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, әділетті қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосып келе жатқан азамат. Сот саласында осындай мықты азаматтардың қызмет атқаратынына қуанып, құрмет тұтамыз.
Судьялар мен сот саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.
Гүлсім Тасқынбаева,
аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы