Даму жолымен бастап келеді

(0 Votes)

Жаңа жылдың басында Президентіміздің республикалық  қазақ тілді «Ана тілі» газетіне сұхбат беріп, жасалған бірқатар жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталғаны көңілімнен шықты. Сұхбатта Мемлекет басшысына: «Президент – кәсіби дипломат, сондықтан халықаралық мәселелерге көбірек назар аударады» деген әңгіменің шығуына түрткі болды. Шынымен де солай ма?», деген сұрақ қойылды.

Оған берген жауабында: «Біз, ең алдымен, халықаралық аренадағы іс-әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарап, қазіргі заманның аса күрделі мәселелеріне келгенде, сындарлы ұстанымда болуымыз керек. Сонымен бірге Мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамын. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан менің қызметімде сыртқы саясатқа басымдық беріліп кетті деген пікір дұрыс емес. 

Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу. Мемлекет басшысы болған сәттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді», деді Президентіміз. 

Бұған алып-қосарым жоқ. Президентіміздің сыртқы және ішкі саясатты тең ұстап келе жатқанын күнделікті өмірден көріп жүрміз.  Халықаралық аренадағы іс-әрекеттеріміз үлкен жауапкершілік жүктейді. Сыртқы саясатты назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені импортымыз бен экспортымыз да оған тікелей байланысты. Біз оны дұрыс жүргізгеніміздің арқасында дамып келеміз. Қателік жіберсек кейбір мемлекеттер сияқты санкцияға ұрынып, қиындықтарға тап келер едік. Ол қазіргідей заманда оңай тимей, әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды ауырлатары анық. Сол сияқты сыртқы саясатта қателесу соғысқа әкелетінін де өмір көрсетуде. «Қайғысыз қара су ас», деп дана бабаларымыз текке айтпаған ғой. Тыныш, бейбіт өмірге ештеңе жетпейді. Шетелдермен байланыс Қазақстанды егемен ел ретінде нығайта түседі. Сонымен қатар, экономикамызға инвестиция құйылып, жағдайымыздың жақсаруына әсер етеді. Президентіміз өзіне сенім артқан елін тәжірибелі басшы, мықты дипломат ретінде даму жолымен бастап келеді. 

Зарлыхан Ғұмаров,

Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT