Абай атындағы жалпы орта мектебінің іс-шара жоспарына сәйкес "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында апталық өтті.
Апталық барысында 6-сынып оқушылары арасында "БП Буллингтің алдын алудың ең жақсы жолы - эмоциялық интеллектті үйрету деп санайды", 7-сынып оқушылары арасында "БП Мектепте эмоциялық білім беруді негізгі пәндер қатарына қосуды қолдайды" қарарлар бойынша сынға түсті.
Тартысқа түскен пікірсайыс нәтижесінде 6-сыныптардан "Бірлік" тобы "Fact Up" және "Бірлік пен құрмет" топтарын басып озып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Ал, 7-сыныптар бойынша "Өрлеу" тобы "Ақ көгершін" мен "Жалын" топтарын басып озып, финалдық тартыста жеңімпаз атанды.


