Болашаққа сенімімізді бекемдеді

(0 Votes)

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында әділетті Қазақстан құрудың негізгі алғы шарттары баяндалды. Онда барлығы жүзге жуық бастама көтеріліп, алда тұрған тоғыз негізгі бағыт сараланды.

Әсіресе, әлеуметтік салаға, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық кордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданғаны үлкен үміт сыйлады. Сондай- ақ, балаларды құмар ойынға тартқандар, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер үшін берілетін жаза қатандауы өте маңызды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. 

Көптеген ел тұрғындарының мойнындағы бірнеше несиені жеңілдетуге бағытталған арнайы заңдардың қабылдануы да көпшіліктің көңілінен шыққан қадам болды. Адамдардың бойында жаңа да жағымды әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтардың орныққанын да айрықша құбылыс ретінде бағаланды.

Саяси қоғамдық болмыс, ұлттық менталитет, мәдени код өзгере бастады. Әділетті Қазақстан қоғамының құрылуы азаматтардың көз алдында өтіп жатқанына баршамыз да куә болғандаймыз. Президенттің «Біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз» деген сөзі болашаққа үлкен сенім ұялатты. Бір назарымызды аударғаны, жоғары оқу орындарында заман талабына сай келетін мамандар әзірлеу керектігіне айқын басымдық берілгені. Нақтылай түссек, ел азаматтарының құқықтарының қорғалуын мен қауіпсіздігінің сақталуына ерекше көңіл бөлінгені де Жолдаудың мәнін арттырып, мәртебесін биіктетті.

Гүлсім МҰХАМБЕТОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

экономика және құқық факультетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521