Президент Тоқаевтың Жолдауын тыңдаған кезде мен өз болашағымды осы жаңа дәуірмен байланыстырғым келді. Себебі ол білім мен ғылымның ел дамуы үшін қаншалық маңызды екенін нақты айтты.
Қазір студенттер тек диплом алу үшін емес, қоғамға пайда әкелу үшін оқуы керек деп ойлаймын. Жасанды интеллект пен цифрлық дағдылар — біздің болашақ мамандығымыздың негізгі бөлігіне айналуда.
Президент жастарды білімге, жаңа идеяларға, инновацияға ұмтылуға шақырды. Бұл бізге үлкен сенім. Егер әрбір жас өз саласында ізденіп, технологияны меңгерсе, Қазақстан әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті елге айналады.
Мен үшін бұл Жолдау – болашаққа бағыт беретін нақты жоспар сияқты.
Ақмарал Оразғалиева

