Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында білім беру жүйесін дамытуға айрықша басымдық берілгені – еліміздің ертеңіне жасалған нақты қадам. Білім сапасын арттыру, ұстаз мәртебесін көтеру, ауыл мектебі мен қала мектебі арасындағы алшақтықты азайту, ғылым мен инновацияны қолдау – барлығы да бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған.
Білім саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді жүзеге асыру – болашақ ұрпақтың тағдырына деген зор жауапкершілік. Осы бағыттағы реформаларды қолдай отырып, біз білімді, ойлы, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз.
Ақмарал Оразғалиева

