8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздің дамуының стратегиялық бағыттарын айқындады. Жолдауда ерекше назар білім беру саласына аударылды. Президент білім сапасын арттыру, ұстаз мәртебесін көтеру, заманауи оқу бағдарламаларын енгізу және техникалық мамандықтарды дамыту мәселелерін басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті.
Білім беру – ұлт болашағының негізі. Сондықтан Президент ұсынған бастамалар еліміздің интеллектуалдық әлеуетін нығайтып, жастарға сапалы білім мен жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Әсіресе, ауыл мектептерін жаңғырту, педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, оқыту процесіне инновациялық әдістерді енгізу бағыттары – заманауи талаптарға сай келетін нақты қадамдар.
Біз, білім беру саласының өкілдері, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді орындауға, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіруге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Роза Фазылқызы
ардагер ұстаз

