Білім – болашақтың бағдары

(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Онда білім саласы да қамтылды. Өйткені сапалы білім – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі.

Мектеп салу – стратегиялық міндет.Елдегі басты мәселелердің бірі – үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің көптігі. Бұл түйткілді шешу үшін 2025 жылға дейін 1 000 жаңа мектеп салу міндеті қойылды. Биылдың өзінде 232 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 267 мың оқу  орны ашылды.Сондай-ақ 245 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Ауыл мектептерін жаңғырту мақсатында 1 000 мектепке жаңа технологиялар мен пәндік кабинеттер орнатылады. Бұл шаралар білім сапасын арттыруға, өңірлік теңсіздікті жоюға бағытталған. Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы: «Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс», деп атап көрсетті.  Президентіміз Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс істегенін  соның нәтижесінде қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылғанын жеткізді.  Бұл қаражат он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінген.

Жолдауда цифрландыруға басымдық берілді. Бұған дейін Мемлекет басшысы, оқулықтарды электронды форматқа көшіру, мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау сынды нақты шараларды жүзеге асыруды тапсырған. Өз кезегінде  бұл – білім беру ұйымдарында қауіпсіз және тиімді орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа  Жолдау – білім саласының дамуына тың серпін беретін тарихи құжат. Президенттің бастамалары балабақшадан бастап жоғары білімге дейінгі жүйені жаңғыртуды көздейді. Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы мен еліміздің тұрақты дамуының кепілі.

Ұлан Иманғали,

Халықаралық  Журналистер одағының мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT