Жолдауда білім беру саласын жаңғырту, цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу туралы айтылғаны – педагогтар үшін өте маңызды әрі қажетті қадам. Қазіргі оқушыны ескі әдіспен оқыту мүмкін емес, жаңа буын жаңа форматты талап етеді.
Оқу материалдарын цифрландыру, интерактивті платформаларды дамыту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру – білім сапасын көтеретін басты факторлар. Егер мектептерде технологиялық инфрақұрылым күшейсе, әр мұғалім өз жұмысын тиімді жүргізіп, оқушының қызығушылығын арттыра алады.
Бұл бастамалар еліміздің білім саласын жаңа деңгейге шығарады.
Жансая Ренатқызы,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі


