Мен көп жыл елге қызмет еткен адам ретінде Мемлекет басшысының Жолдауын маңызды құжат деп бағалаймын. Қандай заман болса да, елдің дамуы — бірлік пен еңбекке байланысты. Қазір технология дамыған кезең, оған ілесу — уақыт талабы.
Жастарға сапалы білім беріліп, еңбек адамына жағдай жасалса, ел болашағы баянды болады. Біз, аға буын, жас ұрпақтың заманауи білім алып, елге адал қызмет еткенін қалаймыз. Бұл бастамалар соған жол ашады деп сенемін.
Зоя ТЕМІРТАСҚЫЗЫ,
Еңбек ардагері


