Белсенді жастар — жаңа дәуірдің қозғаушы күші

(0 Votes)

Президенттің биылғы Жолдауы мен үшін ерекше әсер қалдырды. Себебі онда жастардың рөлі айқын айтылды. Жасанды интеллект дәуірінде тек технология емес, адамдық сана да жаңару керек деп ойлаймын.

Біз, белсенді жастар, осы өзгерістердің алдыңғы шебінде болуымыз керек. Цифрлық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік пен қоғамдық бастамаларды дамыту — біздің міндетіміз.

Президенттің “жастар – елдің басты капиталы” деген сөзі жауапкершілікті арттырады. Енді бұл сөзді іс жүзінде дәлелдеу — әрқайсымыздың еншімізде.

Меніңше, бұл Жолдау – жаңа буынды ілгері бастайтын, ел болашағына сенім ұялататын нақты бағдарлама.

Әділет Амангелді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT