Балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінді

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы да халық көкейіндегі ойларды дөп басуымен ерекшеленеді. Онда атап көрсетілгендей, ел экономикасын өркендетіп, оның инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған негізгі 9 бағыттың қарастырылғаны белгілі.

Осы тоғыз мәселені екшей қарасақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сай өрілгенін байқауға болады. Яғни Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің даму жолы мен ертеңгі күнгі бетбұрысты айқындап беріп отыр.

Бұл Жолдау жоғарыда айтқанымыздай, еліміздің барлық бағыттары үшін аса маңызды құжат. Қазақ елінің әрбір азаматының көкейтесті мәселелерін шешуге арналған жаңа Жолдау еліміздің дамуында, халқымыздың көптеген жаңа, жағымды бетбұрыстар болатынын көрсетті. Мемлекет басшысының әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткеніне назарларыңызды аударғым келеді. Ұлттық қордан балалар шотына ақша аударуға қатысты заңның қабылдануына байланысты балаларды құмар ойындарға тартқан адамдар әкімшілік заңмен жазаланады, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жаза күшейеді, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, әйелдер мен балаларға көрсетілетін зомбылықтардың алдын алу мақсатында жобаланған заң қабылданады. Сондай-ақ Президент қазір көптеген азаматтардың бірнеше несиелері бар екенін, бұл өте өзекті мәселе және қоғамдық қауіпке айналып отырғанын атап өтті.

Бұл бағытта арнайы заңдар қабылданып, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген басқа да шаралар қолға алынғанын айтты. Президенттің көздеген басты мақсаты – азаматтардың табысын арттырып, осы жолдағы әділетті Қазақстанды құру. Менің ойымша, бұл өте дұрыс, өйткені бізде бұл мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Мемлекет басшысы бірлік бар жерде тірлік барын атап өтіп, Жолдауының түйіні ретінде ел азаматтарына еліне адал қызмет етуге, абыройлы қызмет атқаруға, терең білім алып, талмай еңбек етуге шақырды. Біздің әрбір бастамамыз, әрбір ісіміз еліміздің дамуына үлес қосу керек. Ал туған жерін, Отанын сүйетін әрбір азамат бұл айтылғандармен келіседі деп ойлаймын.

Әлия ФАЗЫЛОВА,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT