Бала қауіпсіздігі–басты назарда

(0 Votes)

Мемлекет басшысы кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік деп тоқтала өткен болатын: «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді.» - деген болаты. Солардың бірі, мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардың қауіпсіздігі басты назарда.Осы мақсатта бүгінгі күні білім ордаларында түрлі іс-шараның өтуі соның айғағы болса керек.Жақын арада, Қамысқала ауылында, «Аққу» бөбекжай-бақшасында педагогтар мен қызметкерлерді буллингтің алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, оны болдырмау бойынша тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, сондай-ақ, ұжым арасында сенімді қарым-қатынас орнату арқылы қиын жағдайларды бірлесе шешу бағытында іс-шара өтті.

Семинар балабақша әдіскерінің қатысушыларды музыка әуенімен көтеріңкі көңілде ішке кіргізіп, әртүрлі эмоциялы жапсырмалар арқылы үш топқа бөлуден басталды. «Ой қозғау» әдісімен барлық қатысушыларға өмірден алынған ситуациялық жағдаят ұсынылды. Бұл кезеңде шағын көрініс арқылы буллингтің алғашқы белгілерін тануға бағытталған сұрақтар көтеріліп, қатысушылар белсенді пікір алмасты. Әрбір қызметкер өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, ортақ талқылауға атсалысты.

Практикалық бөлімде қатысушыларға арнайы әзірленген сұрақтар жолданды. Олар өз жауаптарын суреттер арқылы бейнелеп, шығармашылық тәсілмен ұсынды. Әрбір қатысушы кері байланыс бере отырып, буллингтің терең салдарын талқылап, оны болдырмау жолдарын ұжымдық тұрғыда айқындады. Семинарда психолог Алтынгүл Ұзақбайқызы «Түйінді шеш» атты тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында қатысушылар бірігіп, берілген проблемалық жағдайларды шешті. Бұл жаттығу ұжымның ұйымшылдығы мен өзара қолдау көрсету қабілеттерін айқын көрсетті. Жиналғандар әр мәселенің тек командалық жұмыс арқылы шешілетініне көз жеткізді. Ұжымдық тренингтер мен балаларға арналған ойындар бұл мәселені тиімді шешуге көмектеседі.

Шара барысында буллинг туралы мазмұнды әрі әсерлі мәліметтер беріліп, қатысушылар бұл мәселенің маңыздылығын тереңірек түсінді. Кері байланыс кезінде қызметкерлер алынған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.

Семинар өз мақсатына толық жетті: қатысушылар буллингтің алдын алу және оны ерте анықтау дағдыларын меңгерді, ұжымның бірлігі мен кәсіби байланысы нығая түсті. Буллинг мәселесін ерте анықтап, оның алдын алу – балабақшадағы қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі десек, осындай деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болып табылады. Мұндай тәжірибелік жұмыстар педагогтардың да, балалардың да өзара қарым-қатынасын жақсартып, сенімді орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Сағыныш ҚАЙЫР

Исатай ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT