Ауылдың цифрлық мүмкіндіктері кеңейсе — өмір сапасы артады

(0 Votes)

Президенттің жасанды интеллект пен цифрлық даму туралы Жолдауында ауылды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінгені біз үшін өте маңызды. Ауылда тұратын халыққа интернеттің тұрақты жетуі, онлайн қызметтердің қолжетімді болуы — күнделікті тіршілігімізді айтарлықтай жеңілдетеді.

Егер ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар кең енгізілсе, егін мен мал шаруашылығын басқару да тиімді болар еді. Жастар қалаға кетпей, ауылда да жаңа мамандықтарды меңгеріп, өз болашағын құра алады. Осындай өзгерістердің ауыл өміріне нақты пайда әкелетініне сенемін.

Бралиева Гүлдана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT