Президенттің Жолдауында елдің болашағына қатысты маңызды бағыттар айтылды. Бұл өзгерістер ауылдың тұрғындары үшін де қолайлы болмақ. Өйткені жол, интернет, медицина мен білім салалары дамыса, ауылдағы өмір де жеңілдей түседі.
Жаңа технологиялар мен цифрлық қызметтер ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланылса, еңбек өнімділігі артып, жастар ауылда қалып жұмыс істеуге мүмкіндік алар еді. Бұл ауылдың ең басты үміті деп ойлаймыз.


