Аумақтан тыс соттылық қағидаттары

(0 Votes)

Халықаралық құқықта мемлекеттің егемендігі тек өз аумағымен шектелмейді. Кей жағдайларда мемлекет өз аумағынан тыс жерлердеде қылмыстық істерге байланысты сот билігін жүргізуге құқылы.

Мемлекет тек өз шекарасы ішінде ғана емес, шекарасынан тыс жерлердеде соттылық орната алады. Мұндай құбылыс аумақтан тыс соттылық қағидаттары деп аталады. Бұл қағидаттар халықаралық қылмыстармен күресте, азаматтарының құқықтарын қорғауда, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықта үлкен рөл атқарады.

Негізгі қағидаттар 1.Азаматтық қағидат (ұлттық қағидат) Бұл қағидат бойынша мемлекет өзінің азаматтары қай жерде қылмыс жасасада, оларды қудалауға құқылы. Мысалы, Қазақстан азаматы шет елде ауыр қылмыс жасаса, ол Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

2.Қорғау қағидаты Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігіне, конституциялық құрылымына немесе негізгі мүдделеріне қарсы бағытталған қылмыстар үшін өз аумағынан тыс жерде істелген әпекеттерді де соттай алады. Мәселен, шетел азаматы Қазақстан аумағынан тыс жерде терроризмді жоспарласа, Қазақстан оны қудалауға негізге ие.

3.Әмбебаптық қағидат Бұл қағидат халықаралық қауымдастық үшін аса қауіпті қылмыстарға (геноцид, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы қылмыстар, пираттық, азаптау) қолданылады. Мұндай қылмыстар үшін кез келген мемлекет сот жүргізуге құқылы, сесебі олар бүкіл адамзатқа қарсы бағытталған.

4.Пассивті тұлғалық қағидат Бұл қағидат мемлекеттің өз азаматтарының құқықтарын қорғауға негізделген. Егер шетелде Қазақстан азаматына қарсы қылмыс жасалса, мемлекет ол іс бойынша сот жүргізе алады. Маңызы Аумақтан тыс соттылық қағидаттары қылмыстық жауапкершілікті айналып өтуге жол бермиді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.

Терроризм, ұйымдасқан қылмыс, киберқылмыс сияқты шекарадан тыс құбылыстарға қарсы күресуге мүмкіндік береді. Қысқасы, аумақтан тыс соттылық қағидаттары мемлекеттің өз шекарасынан тыс жерлерде де азаматтарын, өз мүдделерін және жалпы адамзат құндылықтарын қорғау мақсатында заңдық билік жүргізуін қамтамасыз етеді.

Мусина Салтанат,

Құрмангазы аудандық сот әкімшісінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT