Атырауда “Жаз” іс-шарасының үш күнінде 90-нан астам құқықбұзушылық анықталды

(0 Votes)
Атырау облысы аумағында 15-18 тамыз аралығында «Жаз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, қаңғыбастықпен қайыршылықтың алдын алу, сонымен қатар, өзен, көлдердегі кәмелетке толмағандарға төнетін қайғылы оқиғаларды болдырмау.
 
Іс-шара барысында ІІО-на 82 жасөспірім жеткізіліп, барлығы 93 құқықбұзушылық анықталды.
 
Оның ішінде:
• кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау – 8;
• он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – 2;
• кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру – 3;
• кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 80 дерек анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды.
 
Құрметті ата-аналар!
 
Балалар қауіпсіздігі -ортақ жауапкершілік! Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, түнгі уақытта жалғыз жүруіне жол бермеңіздер. Отбасындағы бақылау мен қамқорлық – құқықбұзушылықтың алдын алудың басты кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT