АЭС салу күрделі мәселе

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС құрылысы бойынша референдум күнін белгілеген еді. Ол – 6 қазан деп бекітілді.

 «Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», - деді Президент.

Жалпы, ел болашағы үшін нақты әрі дұрыс шешім қабылдай білу әр азамат үшін маңызды дүние.

Осы орайда қоғам талқысына түсіп жатқан АЭС салу бізге қажет пе деген сауал туындауы орынды.

Жалпы, шағын ғана ауданымызда электр қуатының жетіспеушілігін күнде көріп жүрміз. Кейде әр көшеде бір жарық жоқ деген жанайқайларға тап болатынымыз жасырын емес. Соның салдарынан тұрмыстық техникалар да жанып кетіп жатыр.

Тағы айта кетерлігі, көп үйлерде көгілдір газ бар. Барлық үй орталық жүйеге қосылмаған. Ол дегеніміз әр үй өздері өшіріп, қосады.

Сондықтан, егерде осы АЭС салынса, аталған басқа да көптеген проблемадан құтылар ма едік.

Бір жағынан елдің экономикалық өсуіне де пайдалы болады деген ойдамын. Сондықтан дұрыс шешім қабылданады деп сенім білдіремін.

Эльмира Мусина,

«Айналайын баладан» қоғамдық қорының басшысы, қоғам белсендісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521