Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдер қалай есептеледі

(0 Votes)

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бойынша ең танымал сұраулардың бірі – жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды ресімдеу және оны алу жолы.

Бұл мәселе, әсіресе, отбасыда бірінші бала дүниеге келгенде өзекті.​«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына осыған байланысты көп сұрақ келіп түседі.

Бұл мәселе бойынша көрсетілген қызметтің үлесі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша барлық өтініштің шамамен 20 пайызы болады.​​​​Бұл мәселе бойынша өңірлер арасында Алматы (13,7%) көш бастап тұр, ары қарай тізімді Түркістан (11,5%), Маңғыстау (9,7%) және Алматы облысы (9,6%) жалғайды, үздік бестікті Нұр-Сұлтан қаласы (9,2%) бекітеді.​​Ал Солтүстік Қазақстан (0,7%), Қостанай (2,2%) және Павлодар (2,6%) облыстарынан жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар туралы аз сұрау келіп түскен.​​​​​​​​​Байланыс орталығы мынадай бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер.​​​​

Қызмет көрсету барысында байланыс орталығының мамандары ҚР ЕХӘҚМ-нің «Е-Макет» және «Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйелерін пайдаланады.​Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдап, қызмет көрсетеді.​​​​Клиенттерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Telegram, Instagram, Faceboоk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика