Туберкулез бұл ежелден келе жатырған қабынбалы өкпе мен лимфа түйінділерінде пайда болатын жұқпалы аурулар және әлемде көп таралған инфекциялардың бірі болып табылады.
Туберкулез тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасы-сүйек, бүйрек, ми мен мидың қабығы, тері, көз бен басқа да ағзаларын зақымдайды. Соның ішінде өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Туберкулез дегеніміз - бұл туберкулездің микробактериялары тудыратын және науқас адамнан сау адамға өкпе тініде басым оқшаулаумен сөйлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде ауа арқылы берілетін инфекциялық ауру. Ауру жұқтырудың басты көзі – бұл туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада таралып, көптеген жылдар бойы тіршілік ете береді, сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.Туберкулез инфекциясының ошағы - бұл бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың тұратын, оқитын, жұмыс жасайтын және демалатын орны болып табылады.Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағы адамдарға қауіпсіз болып саналады. Туберкулезге шалдығудың факторларын айта кететін болсақ, ол - дұрыс тамақтанбау, уақытында ұйықтамау, күйзеліс, маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық, т.б факторлар болып табылады. Туберкулездің белгілері:
- Екі аптада ұзақ жөтелу, тез шаршау мен әлзіздік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, түнгі уақытта тершеңдік, кеуде қуысының ауруы, қан қақыру. Туберкулезді қалай анықтауға болады:
- Балалрға Манту сынамасын салу арқылы ауру жұқтырғандығы немесе жұқтырмағандығы. Флюрографиялық тексеруден өту арқылы өкпенің зақымдалғандығын және қақырықты зертханалық жолмен зерттеу барысында жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуын анықтайды.
Туберкулездің алдын алу жөнінде әрбір ата-ана нені білу қажет:
- Аурудың алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы екпе алу болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау нәрестеге перзентханада 2-4 күн ішінде жасалады. Екпе балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдықты төмендетуге ықпал етіп, аурудың жаппай жұғуынан сақтандырады. Туберкулезге қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалар ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту сынамасы қойылады. Манту сынамасымен туберкулез ауруының ошағында байланыста болған, 2 айдан асқан, жастағы, қауіпті топта диспансерлік есепте тұрған балалар тексеріледі.
Туберкулездің алдын-алу жолдарын айта кетсек:
- Балаларды БЦЖ туберкулинге қарсы егу.
- Жыл сайын флюрографиялық тексеруден өту.
- Салауатты өмір салтын сақтау.
- Толыққанды дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну,
- Уақтылы ұйықтау, таза ауаға көп шығу.
- Жеке тазалық ережесін сақтау, қолды, ыдысты тазартқыш құралдарын пайдалана отырып жуу, бөлмені жиі желдету,
- Ет пен сүт тағамдарын міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
Г.И.Қожахметова,
Басқарма басшысы

