ТЕЗ САЛМАҚ ТАСТАУ ҮШІН

(1 Vote)

Қазір әрбір екінші әйел затының басты мәселесі – артық салмақ. Сол жолда түрлі диета ұстап, салмақ түсіретін дәрі-дәрмек қабылдап, әр фирманың шайын ішіп, арықтауға әуес болады. 

Осылайша жылдам қорытынды көргісі келеді. Ал мұндай проблемамен күрестегі бірден бір жол – дұрыс тамақтану екенін ескермейді. Өйткені оны ұстанар болса тәтті бәліш пен майға қуырған картопты ұмытуға тура келеді. Диетолог мамандардың айтуынша көп адам белгілі бір тамақ түріне, мәселен қарақұмық немесе күріш қана жеп арықтаймын деп ойлайды. Ал олай организмды құртып, түрлі асқазан ауруларына шалдығады. Кейін апталап тек бір ғана тағам түрін тұтынғандықтан одан шаршап, қайтадан қомағайлыққа салынады. Сөйтіп, артық қыламын деп тыртық қылады екен.

Егер адам арықтағысы келсе, дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар жасап, спортпен айналысуы керек. Артық салмақтан арылу үшін төмендегі қағидаттарды ұстану қажет.

Таңертең ерте тұрып, аш қарынға жылы су ішіңіз;

Таңғы ас ішкен соң, келесі тағам арасын 2-3 сағаттан соң қабылдаған абзал;

Әр 3 сағат сайын 300-400 мл-нан бір күнде 2 литр су ішу қажет;

Кешкі сағат 8-ге дейін тамақтанып, одан соң ас үйден шыққан дұрыс;

Күніне 15 000 қадам жүріс жасап, спортпен айналысуға кеңес беремін.

Денедегі артық майдан арылғысы келіп, түрлі диета ұстанғанның қатарында мен де бармын. Айнадан өзіңе көңіл толмау, бетке түрлі жараның шығуы менің де басымнан өтті. Кейін дұрыс тамақтану және спорт арқылы өзімнің ойлағанымнан да көп салмақ тастадым. Сондықтан жоғарыдағы қағидатты ескерсеңіз, өкінбейсіз.

Сонымен қатар, рационыңыздан дүкеннен сатып алынған тәтті және газды сусынды, маргарин, мойонез сынды пайдасыз майларды, фастфуд, тез дайындалатын тағам, шұжық, қытырлақ чипсыларды алып тастаған жөн. Оның орнына жеміс-жидек, майлылығы аз сүт өнімдерін пайдаланған жөн. Алғашқы үш күн үйренісе алмағанымен де, сабыр сақтасаңыз, сары алтынды табарыңыз хақ.

Психологиялық тұрғыдан адам өзін дайындауы керек және өз денеңіз қандай болса да оны жақсы көріңіз, мақтаңыз.Осындай қағидаларды ұстанып 1 апта ішінде арықтап кетемін деген ой болмауы керек. Егер тез азатын болсаңыз, солай жылдам толып кетесіз. Алдыңызға мақсат қойып, белгілі бір уақыт аралығын белгіліп, сол аралықта өзіңізді қолға алыңыз. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Диетаңыз біткен соң да, осы қағидаларды ұстанған жөн. Осы қағидаларды ұстансаңыз, өкінбейсіз деген ойдамын.

 

Жайдарлым ЕРКЕБҰЛАНҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT