Тегін дәрі қолжетімді ме?

(0 Votes)

Қазіргі кезде созылмалы дертке шалдығып, жылдар бойы дәрігерлердің қадағалауында болатын сырқаттардың қатары өкінішке қарай азаяр емес.

Оның үстіне олардың мемлекет тарапынан бөлінетін тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отырғандары қаншама?! Осы бір келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында аудандық емхананың мәжіліс залында «Sizge dari-darmek» жобасы аясында медицина қызметкерлерімен, азаматтық белсенділермен және халықтық бақылау тобының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Басқосуға «Заманауи» қоғамдық қорының төрағасы Асман Аманжолұлы, халықтық бақылау тобының мүшелері Дархан Ирғазиева, Ақниет Бақтығұл, Марина Төлеуішовадар қатысты. Дөңгелек үстелді жүргізудің тізгінін алған А.Аманжолұлы тегін дәрі-дәрмек пен медициналық преператтардың қолжетімділігі, онымен қамту мәселесі, фармацевтикалық ақпараттық жүйесіне өтінім беру, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын науқсастар арасында мониторинг жүргізу, «Damumed» мобильді қосымшасымен жұмыс жасау сияқты өзекті мәселелерді сөз етті.

Мәселеге орай аудандық емхананың күндізгі стационарлық бөлім меңгерушісі Нейля Жаудина, дәрігер Алпысбай Досқалиев, статист-дәрігер Нұргүл Хамитова, медбике Маржангүл Сәрсемәлиева және басқалары өз пікірлерін білдіріп, тегін дәр-дәрмекпен қамтудағы кездесетін келеңсіздіктер жайлы сөз қозғады.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT