Тамақтан уланудың алдын алу

Сурет ашық дереккөзден
(0 Votes)

Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық – түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау.

Естеріңізге сала кетейік, балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, ірімшіктің жұмсақ сорттары, ақуыз кремі бар торттар үстелде 4 сағаттан кейін немесе тоңазытқышта 2 күннен артық уақыт тұрса, ішінде бүлініп, ауыр улануға себеп болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда тамақтан улануды тудыратын бактериялардың алты түрі бар:

- Ішек таяқшасы (шикі сүт және толық пісірілмеген ет)

- моноцитогенді листериялар (шикі жемістер, құс еті, жұмсақ және қатты ірімшіктер) - Ботулизм ( нашар өңделген консервіленген көкіністер мен ет)

- Патогендік клостридиялар (60 градустан төмен температурада дайындалған ет немесе балықта пайда болады)

- Сальмонеллалар (жұмыртқа, пастерленбеген сүт)

- Стафиллококк (тамақ дайындау кезінде жеке гигиена сақталмаған кезде пайда болады).

Осы қиындықтарға тап болмас үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажет: үйде дайындалған тағамдарды сатып алмаңыз, белгіленбеген жерлерде сатылатын дайын тағамдарды пайдаланбаңыз. Кілегей немесе майонез қосылған дайын тағамдарды, салаттарды бір тәуліктен артық сақтауға болмайды. Торттар мен пирожныйларды тоңазытқышта 3 күннен артық сақталмайды. Үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде, ең алдымен, гигиена ережелерін сақтаңыз, бөлменің тазалығын қадағалаңыз. Тамақ дайындау кезінде қолыңызды жиі жуыңыз. Азық-түліктің дұрыс сақталуына назар аударыңыз, шикі және дайын өнімді тоңазытқыштың бір сөресіне сақтамаңыз. Сонымен қатар температураны дұрыс сақтау және етті, жұмыртқаны мерекелік тағамдарға арналған басқа ингредиенттерді қуыру, қайнату кезінде пісіру үшін қажетті уақытты сақтау өте маңызды. Денсаулығыңызға зиян тигізбеу үшін таңдауды талап етіңіз және мұқият болыңыз. Тексерілген өнімдерді сатып алыңыз, олардың жарамдылық мерзімін, сақтау шарттары мен пісіру ережелерін сақтаңыз.

 Г.Б Измайлова,

жетекші маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT