Тамақтан уланудың алдын-алу жолдары

фото: https://tolqyn.kz
(0 Votes)

Тамақтан улану - тағам арқылы берілетін ауру тудыру қоздырғыштары әр түрлі кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану - ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын ауру.

Тамақтан улануға мерзімі өтіп кеткен өнімдер, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер бірден –бір себеп болады. Тамақтан улану кезінде іш ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, денеде әлсіздік пайда болады.

Қазіргі уақытта адам кез-келген жерден улануы мүмкін. Атап айтқанда, белгісіз құрамды етпен дайындалған фас-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер,, шаурмалар. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне,олардың уының пайда болуына жағдай туғызып, тағамнан улануға алып келуі мүмкін. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамдарды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін сақтау қажет.

Атап айтқанда:

- Жеке гигиена ережелерін сақтау.

- Тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық талаптарын сақтау.

- Шикі және дайын өнімді өңдеу үшін әр түрлі пышақ, кесу тақтайшаларын пайдалану.

- Өнімдерді кеміргіштер мен жәндіктерден сақтау.

- Азық түлік өнімдерін жерде, еденде сақтамау.

- Ас үй ыдыстары мен жабдықтарды таза ұстау.

Тамақтан уланудың салдарларымен күрескеннен гөрі тамақ сатып алғаннан бастап, тамақтанғанға дейінгі кезеңде барлық алдын алу шараларын сақтасаңыздар тамақтан улануға жол берілмейді.

Б.В.Абилова,

Құрманғазы аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT