Тұмаудан сақтаныңыз!

(0 Votes)

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардан сақтанудың шараларын ұсынады.

Тұмау – ауа тамшысы арқылы берілетін жұқпалы инфекциялық ауру. Оның асқынулары өте қауіпті, пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабық арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Тұмау және ЖРВИ-дің профилактикасының ең тиімді әдісі жылына бір рет күз айларында барлық отбасы мүшелерінің дертке қарсы вакцина алуы. Екпеден өткен адамдар науқастанған жағдайда дерттің жеңіл түрімен ауырады.

Жүкті әйелдерді және балаларды тұмаудан үй жағдайында емдеу олардың денсаулығы мен өміріне қауіпті екенін ескертеміз. Міндетті түрде тек дәрігердің нұсқауымен ем-дом қолданған абзал.

К.Отаров,

аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521