Тұмау басқа да ауруларды асқындырады

(0 Votes)

Жіті респираторлы вирустық жұқпалардың ішінде (ЖРВЖ) ең зұлымы тұмау болып табылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде тұмау ауруының 3 – 5 млн. ауыр түрлері тіркеліп, оның 250-500 мың жағдайы өлім жағдайымен аяқталады.2019-2020 жылдардың өткен эпидмаусымында облыста ЖРВЖ-ның 2475 жағдайы, оның ішінде тұмаудың зертханалық дәлелденген 14 жағдайы (жүкті әйелдер арасында – 9 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар – 5 жағдай, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 1 жағдай) тіркелді. Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 91 үлгі зерттелді, оның ішінде 30%-да оң нәтиже анықталды. Негізінен, риновирус, аденовирус, РСвирус, парагрипп сияқты вирустар анықталады.

Негізі тұмау адамға ұсақ түкіріктер немесе сілекей шашырықтарымен жөтелгенде, түшкіргенде жұғады. Тұмау ауруының алғашқы кезеңі өте жедел басталады. Жасырын инкубация мезгілі бір-екі күнге созылып, кейін мына клиникалық белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы. Тұмау вирусының қауіптілігі - организмдегі созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруы.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша тұмаумен күресудің алдын алудың шарасы – вакцинопрофилактика. Вакцина егуді күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болады және де екпе алғаннан кейін организимде иммунитет пайда болғанға дейін 14 күндей уақыт керек.

Биылғы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымына жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 60000 дозасы сатып алынды. Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинацияланады.

Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. Профилактика әдістерінің бірі - науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу , адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет. Ауырған жағдайда балаларыңыз (мектепке дейінгі мекемелерге және мектепке бармау) үйде болғаны абзал.

Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі тиіс. Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, бөлмені жиі желдету, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.

Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі - ауырған кезде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен, дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып, жиі жуу қажет. Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалану туралы ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану).

Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге тексерілген дұрыс.

А.Сарсенғалиева

Жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521