Үшінші тұрғын оттегі баллонына мұқтаж

(0 Votes)

Елде эпидахуал жарияланып, карантин талаптарын сақтағанымызға да екі жылға жуық уақыт өтті. Десе де, ауруды еңсеру қарқыны орташа.

Денсаулық сақтау өкілдері дерттің қалқаны – вакцина екендігін қанша насихаттаса да, екпені алуға асығар емеспіз. Осындай салғырттықтың салдарынан, аудан бойынша соңғы  екі жылда 50-ге жуық   адам тәжтажалдан  бақиға аттанды. Бүгінде Атырау облысы жасыл аймақта. Бұл дегеніміз аурудың саябырлағанын білдіреді. Алайда, қуануға асықпаған жөн. Осы ретте, аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының жай-күйін білмек үшін дәрігер Алена Полееваға хабарластық. Оның айтуынша, емханадағы қазіргі жағдай тұрақты. Күніне бір не екі науқас қабылданады. Олардың басым бөлігі пневмониямен ауырып келеді екен. Ахуал тұратағанымен де емделушілер азаяр емес. Олар ПЦР сынамасынсыз келеді. Стационардағы арнайы мамандар ковидке қарсы тестті осыннан алып, қорытындысын сол бойда шығарады. Бізде емделушілердің алды 90-жаста болса, ең кішісі 1989 жылы туған азамат. Ал соңғы айда балалар арасында  бұл індет кездескен жоқ,-дейді Алена Владимирқызы. Оның сөзінше, коронавирус жұқтырған науқастарға керекті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар және орынжайлар жеткілікті. Ауру деңгейі көбінде орташа болғанымен де, жағдайы ауыр пациеттер де жоқ емес. Жұқпалы аурулар дәрігерінің айтуы бойынша,  әрбір үшінші ауру оттегі баллонына мұқтаж.

Ағымдағы жылы аудан бойынша вирус жұқтырған 1300-ден астам тұрғын тіркеліп, оның 1200-ден астамытолық жазылып шықты. Індетпен күресте белсенділік танытып жүрген ақ халаттылар құрманғазылықтарғаковидке қарсы екпе алуға кеңес береді. Өйткені, вакцина салдырғандар арасында Cоvid-19 жеңіл өтеді. Айта кетейік, «Спутник-V» вакцинасын жыл басынан бері 14500 адам – І компонентін, ал 12168 тұрғын – ІІ компонентін қабылдап үлгерді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT