Шекарамызда медицина қызметкерлері күзетте тұр

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында өткен праймеризге қатысушылардың пікірталасында Жұмажан Шакупов, Мереке Құмаров, модератор Наурызбай Бисенғалиевтің, адамның өмір сүру деңгейін ұзарту, пандемияның екінші толқынының алдын алу, Кавасаки синдромасы туралы сұрақтары медицина саласының өкілі ретінде Гүлсара Мүтиеваға бағытталды.

Аудан дәрігерлерінің басшысы өз жауабында:

mtieva-prajmeriz

– Адам өмірін ұзарту ол дүниеге келмей тұрып қолға алынғаны дұрыс. Ата-ана ұрпағының жарық дүниеге дені сау болып келуіне жауапты. Сондықтан жастар өмірге келер сәбиін жоспарлауы тиіс. Бізде жанұяны жоспарлау кабинеті бар. Осында келіп жолығуларына болады. Пандемия көп нәрсеге үйретті. Алайда, одан әлі толықтай арыла қойған жоқпыз. Сол себепті шекарамызда медицина қызметкерлері күзетте тұр. Ауданымызға өткен көліктерді тексеруде. Коронавирустың екінші толқыны болады деп жатыр, ондай жағдайға да тиісті дайындық шараларын жасаудамыз. Күзде негізінен тұмау көбеюі мүмкін. Жалпы қауіпсіздік шараларын сақтағанымыз дұрыс. Сонда індет таралмайды. Карантинді қайта жариялап еді, COVID-19 жұқтырушылар азайды. Кавасаки синдромының алдын алу бағытында да жұмыстанып жатырмыз, медицина қызметкерлерімен семинар өткіздік, - деп жаңа 75 орындық аурухана, 63 өпкені жасанды желдету аппараты дайын тұрғанын жеткізді.

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521