Селқостық сан соқтыруы мүмкін

(0 Votes)

Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ өз жұмысын «Дария» сауда нысанын аралаумен бастады.

Санитарлық нормалардың барлығы сақталған, ішке бетпердесіз ешкім де кірмейді. Одан әрі тексеру шарасы «Отқасылық киімдер» дүкені, «Темірлан», «Алтын Орда» сауда үйлері, «Донер 06», «Дәмді донер 2», «Is-smile-донер» дүңгіршектерінде жалғасын тапты. Сондай-ақ «Зере су» өндірістік цехы мен «Әйелдер» шаштаразы, автобөлшектер дүкендері мен «Асылым» асханасы, «Жансұлу» азық-түлік дүкенінің де карантин тәртібін сақтауы қадағаланды.

rejt4

Нысан басшылары мен қызметкерлеріне Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы таныстырылды. «Темірлан» сауда үйі мен «Зере су» өндірістік цехы, «Дәмді донер 2», «Is-smile-донер» дүңгіршектерінде бетпердесіз қызметкерлер кезікті. «Алтын Орда» сауда үйінде тұтынушылардың ара қашықтығы сақталмаған. Аталмыш сауда орындарына ескерту беріліп, алдағы уақытта санитарлық талаптар бұзылған жағдайда хаттама толтырылып, белгілі мөлшерде айыппұл салынатындығы қаперленді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521