«Сары аймақ»: Атырауда бір тәулікте 43 адамнан коронавирус шықты

(0 Votes)

«341 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» даңаеп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 38, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 2 науқас анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 1 адам, Индер ауданында 1, Мақат ауданында 1 адамнан анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 17 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 11 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 528 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 118, №2 облыстық ауруханада -100, фтизиопульманологиялық орталықта -17, аудандық инфекциялық стационарларда -64 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521