Құрманғазылық мемлекеттік қызметшілер ревакцинациялануда

(0 Votes)

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң, 6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады.

Оның өзінде векторлы вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егу, инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in – ред.) вакцина алған тұлғаларға 6 айдан кейін векторлы екпе салу көзделіп отыр.

416f8634-4fc1-41d5-af9f-a40ccb80ae42

Адам екпе салдырғаннан кейін оның ағзасында коронавирусқа қарсы антидене пайда болады. Бірақ бірнеше айдан кейін антидене әлсірей бастайды. Оның үстіне дүние жүзінде коронавирустың жаңа штамдары шығып жатыр. Сондықтан бұл жағдайда екпенің үшінші дозасы, яғни ревакцинация қажет.

Сондықтан, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымы бүгін 07.12.2021ж. коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT