Құрманғазыда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсуде

(1 Vote)

Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 13 адам тіркелген.

Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 81 адамға жеткен. Құрманғазы – 2, Жылыой және Исатай ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 58 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 320 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 90 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 840 адам ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы "қызыл аймаққа" енген.

ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521