Құрманғазыда 66 адам «Pfizer» вакцинасын алған

(0 Votes)

"Құрманғазы ауданы бойынша 2021 жылдың қазан, қараша, желтоқсан  айларына COVID -19 коронавирустық инфекциясы расталған 100-ден астам жағдай тіркелді", деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гаухар Тоғаева мәлімдеді. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары нәтижесінде I компонентті - 15575, II компонентті - 13531 адам қабылдаған.

Қазіргі таңда, Құрманазы ауданы бойынша 45 адам  ревакцинациялаудан өтті. Сонымен қатар, "Pfizer" вакцинасын қабылдауға қарсы көрсетілімі жоқ  5059 адам тізімге еніп отыр. "Оның ішінде жүкті әйелдер саны – 438,  бала емізетін аналар – 1087, 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер – 3534.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, "Pfizer" вакцинасы 66 адамға салынды ", деп нақтылады спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521