Құрманғазы ауданында 9 адамнан COVID-19 жұқпасы анықталды

(0 Votes)

Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте 168 адам қауіпті індеттен жазылып шықты, – деп хабарлайды https://atpress.kz

Қазіргі уақытта 317  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  95, аудандардағы инфекциялық стационарларда 26,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 790 адам ем қабылдауда.

Сәйкесінше, бұл тәулікте облыста 107 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан 27 науқас Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 59 жұмысшыдан, Жылыой -4, Қызылқоға-1, Индер-3, Махамбет-2, Исатай-1, Мақат-1, Құрманғазы ауданында 9 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 16 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521