Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 29 науқас тіркелген.
Сондай-ақ, Теңіз кенішіндегі скринингтік тексеріс кезінде 86 жұмысшыдан коронавирус анықталған. Жылыой ауданында - 3, Қызылқоға ауданында - 2, Мақат ауданында - 2, Құрманғазы ауданында 2 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 16 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 103 адам емделіп шыққан.
Қазіргі уақытта 286 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 117 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 31, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 574 адам ем қабылдауда.