Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды https://atpress.kz
Қауіпті дертке шалдыққандар арасында 11 адам Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде- 39 жұмысшыдан, Жылыой -1, Қызылқоға - 5, Махамбет -5, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 20-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 12 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 268 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 100 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 380 адам ем қабылдауда.