Құрманғазы ауданынан инфекция жұқтырған тағы да 2 адам анықталды

(0 Votes)

Атырау облысында өткен тәулікте 17  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы  ауданынан - 2 ,  Махамбет ауданынан - 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды, қалғанында симптомсыз  түрде өтіп жатыр.

Өткен тәулікте  ем алып  жатқан 19 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 103 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  28 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521