Құрманғазы ауданы бойынша шектеу шаралары

(3 Votes)

Құрманғазы ауданы тұрғындары  арасында  коронавирустық  инфекциясының  таралуының  алдын  алу мақсатында карантиндік  іс  шараларды  күшейту туралы ҚАУЛЫ

Мен, Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевич, Қазақстан  Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»   Кодексінің  9,36,102,104 және 107-бабтарына,  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23 қазандағы 2020 жылғы №57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан  әрі күшейту  туралы»    қаулысын басшылыққа алып,  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау министрлігі  Санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау  комитеті  Атырау  облысының санитариялық  эпидемиологиялық   бақылау  департаменті, Құрманғазы  аудандық  санитариялық  эпидемиологиялық  бақылау    басқармасының №158-1915-03 мм ережесіне сәйкес және Құрманғазы ауданында  коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасып, 2020 жылдың  желтоқсан айының  өткен мерзімінде зерітханалық  тексеру  қортындысында 56 аудан тұрғынынан  коронавирус  инфекциясына  оң нәтеже анықталуына және СОVID -19 коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасы бойынша  Атырау облысы «қызыл  аймаққа» енуіне  байланысты, ауданда коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың  алдын алу мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Құрманғазы ауданының  аумағында эпидемиологиялық жағдай  тұрақтанғанға  дейін шаруашылық және өзгеде қызметпен  және  халықтың  тыныс тіршілігінің  ерекше  жағдайларымен   шектеу шаралары  енгізілсін.

Шектеу  іс-шараларының режимі мен  мерзімдері аудан  аумағында  СОVID-19 коронавирустық  инфекциясының  таралуы  бойынша  ахуалдың  өзгеруіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. 

2. Құрманғазы  ауданынның тұрғындарына:

- 65 жастан асқан адамдарға  азық  түлік, дәрі дәрмек пен медициналық   бұйымдарды, сондай-ақ  қажетті тауарларды  сатып алуды  және медициналық  мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік  болмаса  тұрғылықты  жерінен шықпауға  ұсыныс беріледі.

- барлық  аудан  тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік  ара қашықтықты  сақтауға, бет перде тәртібін және  жеке  бас  гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі.

-қоғамдық  тамақтандыру  орындарында  тамақтану  кезінде  әлеуметтік  ара  қашықтықты  сақтай  отырып,  және  5/бес/  жасқа  дейінгі  балаларды   қоспағанда, қоғамдық  орындарда  баруға  және   демалуға   арналған  орындарда,  қоғамдық   көліктерде  медициналық  бетперделерін  киюге  міндетті.

 - респираторлық инфекцияның  алғашқы белгілері пайда  болған  кезде /құрғақ  жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б./ медициналық  ұйымдарға  бармай, жедел медициналық көмек 103-ке  қоңырау шалу арқылы  үйден  медициналық  көмекке  жүгінсін;

3. Аудан  аумағында  төмендегі  шектеу  шараларын  енгізу.

Ауылдық  округ  әкімдеріне 

3.1 көпшілік іс шараларды / мерекелік,   ойын-сауық, көпшілік  мәдени, спорттық, білім  беру іс  шараларды, көрмелерді, корпаративті  форумдарды, конференцияларды,  сондай-ақ отбасылық естелік іс шараларды / банкеттер, үйлену  тойлары, мерейтойлары, еске алу және т.б./ оның ішінде үйде және жаппай  адамдар  жиналатын өзгеде  іс шараларға тыйым салу.

3.2 асханалар  жұмысына 09.00-ден бастап 22.00-ге дейін шектелсін;

3.4.азық-түлік дүкендерін жұмыс кестесі сағат 8.00-ден бастап 22.00-ге дейін шектетілсін /азық  түлік  өнімдерін  сату, көкіністер  мен  жемістерді  қоспағанда тек  өлшеп  оралған  түрде  жүргізілуі  тиіс/

3.5. аудан көлеміндегі барлық кәсіпкерлік нысандар қызметтері (азық-түлік, дәріханаларды қоспағанда) сағат 8.00-ден - 17-00-ге дейін шектетілсін.

3.6.күшейтілген  санитарлық   дезинфекциялық  режимді  сақтай  отырып,  азық  түлік  және  азық  түлік  емес  базарлардың  жексенбіде  жұмыс  жасауына  тыйым  сала  отырып, жұмыс  күндері  сағат  09.00-ден  17.00-ге  дейін  рұқсат  ету.

4. Ауылдық округ  әкімдеріне:

4.1 меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын  қысқартуды ұсынсын;

4.2. мониторинг топарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4.3. қызмет көрсететін үйлердің тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттігі  туралы  түсіндіру жұмыстары  жүргізілсін;

4.4 жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды көзге түсетін хабарлама  тақталарына және басқа жерлерге орналастырсын;

5. Аудандық полиция бөлімі бастығына:

5.1 шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы заңнамасы  бойынша  дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына  кеңінен  жариялауды  қамтамасыз  етсін;

5.2. отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың  ересектерсіз  жүруіне  тосқауыл  қоюға;

5.3. сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақсатан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты  одан  әрі таратуды  тоқтатады;

5.4 инфекциялық және карантиндік провизорлық ауруханаларында адамдары оқшаулау және  қорғау, қоғамдық тәртіптің сақталуына қадағалау;

5.6. аудандық  мобилдік топ  мүшелерімен  бірлесіп, рейдтік  шаралар  ұйымдастырылсын.

6.Аудандық орталық аурухана басшысына:

6.1. медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы тұрде госпитализациялауды   шектеуді;

6.2. денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға  қарсы  режимін  қатаң  сақталуын  қамтамасыз  етуге;

6.3. медициналық персоналдардың іс әрекеттерін қадағалау, тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты  персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш маскалерімен  немесе  респираторларымен  резинке қолғаптарымен  қамтамасыз ету;

7. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, Құрманғазы аудандық Халық банк бөлімшесі, аудандық Казпочта, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

7.1. әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып  ылғалды  тазалау  жүргізу;

7.2. ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

7.3. жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық  және тыныс алу органдарының  аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;

7.4. сатушылар мен  басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделерімен, қорғаныш  және  резинке  қолғаптармен  жұмыс  істеуін қамтамасыз ету;

7.5. келушілердің  нысандарға  тек  медициналық  бетперделермен жіберуге;

7.6. дүкендерде,  және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін  ескере  отырып  кезекпен  адамдарды кіргізуді  қамтамасыз ету;

7.7. кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты  сақтау туралы  ақпараттық  тақтаны  құруға;

8. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысына округ әкімдерімен бірлесіп:

8.1. коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша  Құрманғазы ауданы аумағында  шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру  жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік  желілер  арқылы таратуды  қамтамасыз  ету.

9. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар) аудандық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:

9.1. аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

9.2.су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз   ету:

8.3. қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (бет перделермен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың  бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау:

10. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін;

11.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

12.Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

13.Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

К.К.Утаров, Құрманғазы ауданының

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері                                            

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT